Бүгін колледжде маңызды оқу курсы басталды
Бүгін колледж базасында
«Кәсіптік білім беру жүйесінде оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамытудағы жасанды интеллект: Қытай тәжірибесі»
тақырыбында оқытушыларға арналған оқу курсы өз жұмысын бастады.
Аталған курсқа арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері белсенді қатысуда.
📊 Курс ашылуын ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары Айтбаева Махаббат
«AI білімде: виртуалды оқытушымен жаңа оқыту форматы» тақырыбындағы презентациясымен бастады.
🧠 Курс барысында қатысушылар:
жасанды интеллекттің білім берудегі мүмкіндіктерімен танысып,
www.canva.com платформасында «виртуалды оқытушы» бейнесін дайындауды
практикалық жұмыс форматында меңгерді.
✨ Бұл курс — оқытушылардың цифрлық құзыреттерін арттыруға,
заманауи AI құралдарын оқу үдерісіне тиімді енгізуге бағытталған маңызды қадам.
📚✨ Оқытушыларға арналған оқу курсы жалғасуда!
Бүгін колледжде
«Кәсіптік білім беру жүйесінде оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамытудағы жасанды интеллект: Қытай тәжірибесі»
тақырыбындағы оқу курсының екінші күні өтуде.
Оқытушылардың жасанды интеллект бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында жоспарға сәйкес  арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын үйретті.
🎥 Бүгінгі тәжірибелік бөлімде қатысушылар gamma.app, sketchbubble.com және visualgpt.io платформалары арқылы презентация мен инфографика жасаудың заманауи әдістерін меңгерді.
Сонымен қатар, eGov + AI цифрлық онлайн платформасында жеке тұлғаға арналған онлайн ЭЦҚ кілтін алу жолдарын тәжірибе жүзінде үйренді.
💡 Цифрлық құралдар + жасанды интеллект = оқытушылардың жаңа мүмкіндіктері!
қадам.
           Колледжде оқытушыларға арналған
оқу курсының кезекті күні! Бүгін колледжде
«Кәсіптік білім беру жүйесінде оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамытудағы жасанды интеллект: Қытай тәжірибесі»
тақырыбындағы оқу курсының үшінші күні өтті.
🎥 Тәжірибелік бөлімде
«Жасанды интеллект – заманауи білім берудің құралы» тақырыбында “Есептеу техникасы пәндері” ЦӘК-нің арнайы пән оқытушысы Айтбаева Мөлдір Айдархановна мазмұнды сабақ өткізді.
💡 Сабақ барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолданудың заманауи әдістерін меңгерді. Атап айтқанда, төмендегі цифрлық платформалармен практикалық жұмыс жасалды:

 

🔹 heyzine.com
🔹 wonderslide.com
🔹 zvukogram.com
🔹 gynzy.com
🔹 web.diffit.me
🔹 genmo.ai
🔹 narakeet.com
🔹 online-stopwatch.com
🔹 mentimeter.com
🔹 gemini.google.com
🔹 talkingco.de
🔹 examica.io
🔹 studyfetch.com
🔹 nanabanana.ai
🔹 grok.com
🚀 Бұл құралдар сабақ мазмұнын байытып, оқыту процесін интерактивті әрі тиімді етуге кең мүмкіндік береді.
✨ Осындай тәжірибелік сабақтар оқытушылардың цифрлық құзыреттерін арттырып, білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді ашуда. #ЖамбылПолитехникалықЖоғарыКолледжі
 
 
Ағымдағы жылдың 20-23 қаңтар аралығында Қапшағай қаласында Knauf халықаралық компаниясы мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі арасында бірлескен жұмыстар аясында 2026 жылға бірлескен жұмыстар жоспарланды. Құрылыс саласына қажетті білікті кадрлар даярлау, дуальды оқыту жүйесін дамыту, студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін қарастырды.
Кездесу аясында колледж оқытушылары мен оқу-өндіріс шеберлеріне Қапшағай қаласында құрғақ құрылыс технологиялары бойынша арнайы оқу курсы ұйымдастырылды. Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды қамтып, гипсокартон жүйелерін монтаждау, ішкі әрлеу жұмыстары және құрылыс материалдарын тиімді пайдалану дағдыларын меңгеруге бағытталған.
Арнайы курстың басты мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және құрылыс саласындағы заманауи технологияларды енгізу. 
Бұл бастама Knauf компаниясы мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі арасындағы әріптестіктің тиімді дамып келе жатқанын көрсетіп, құрылыс саласы мен кәсіби білім беру жүйесінің дамуына серпін береді.