Жамбыл политехникалық жоғары колледжі оқытушыларының Қытай Халық Республикасындағы біліктілікті арттыру курстары
2025 жылғы 17–30 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының кәсіби колледждері оқытушыларына арналған «Жасанды интеллект» (ЖИ) бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстары өтуде.
Халықаралық ынтымақтастық аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің бірқатар оқытушылары Қытай Халық Республикасының Ухань қаласында орналасқан Wuhan Vocational College of Software and Engineering (武汉软件工程职业学院) базасында аталған курстарға қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуда.
Біліктілікті арттыру курстары барысында қатысушылар жасанды интеллекттің заманауи технологияларын, цифрлық шешімдерді, сондай-ақ оларды білім беру процесіне тиімді енгізу жолдарын зерделеуде. Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды қамтып, білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған.
Аталған іс-шара колледж оқытушыларының кәсіби дамуына, халықаралық тәжірибені меңгеруіне және жасанды интеллект технологияларын оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге зор ықпал етеді.
Қытайдың IT – жоғары оқу орындары жасанды интеллектті қалай қолданады және нақты экономика секторымен қалай ынтымақтасады. Бұл бағытпен жақынырақ танысу мүмкіндігі Жамбыл политехникалық жоғары колледжі ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары М.Айтбаеваға, ақпараттық жүйелер ЦӘК-інің арнайы пән оқытушылары Т.Ашимоваға, С.Кураловаға бұйырды.
20 адамнан тұратын Қазақстандық делегацияның құрамында жоғарыда аталған қызметкерлер ЖИ бойынша колледждердің Қазақстан – Қытай білім беру альянсы аясында ұйымдастырылған екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Курстар Ухань ашық университетінің бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі кәсіби институты базасында өтті. Оқу бағдарламасы тек шолу дәрістерін ғана емес, сонымен қатар IT – компаниялар мен баска да білім беру ұйымдарына, соның ішінде Ухань интеллектуалды технологиялар институтына баруды қамтыды.
Оқу барысында Қытайда жасанды интеллектті білім беру процесінде қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, оқытуды дараландыру, оқу деректерін талдау және зияткерлік білім беру платформаларын енгізу үшін AІ – құралдарды пайдалану мәселелері қарастырылды. Курстар жетекші Қытай білім беру мекемелерінде кеңінен қолданылатын алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен заманауи шешімдермен танысуға мүмкіндік берді.
Алынған білім мен практикалык тәжірибе колледжіміздің қызметіне енгізілетін болады. Осыған орай 19.01 – 28.01.2026 ж. аралығында колледжішілік жасанды интеллект бойынша оқытушыларға 2 апталық практикалық оқыту курсы және наурыз айында «Жасанды интеллект дәуіріндегі адамның цифрлық болмысы – алдағы 5 жылда әлем қалай өзгереді» тақырыбында облыстық ғылыми – практикалық конференция өткізу жоспарлануда.