Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау "білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңына және Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтарды білім беру ұйымына қабылдау конкурстық негізде не оқуға түсушілердің білім деңгейін және білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере отырып, белгіленген қабылдау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарына мемлекеттік үлгідегі құжатпен расталған тиісті білім деңгейі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен, оның ішінде мемлекеттік электрондық сервистер арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымына түсу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квоталары белгіленуі мүмкін.