Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастырудың басты мақсаты — студенттерге тек қана білім беріп қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана алатын құзыреттілігі қалыптасқан жас ұрпақ тәрбиелеу, ол үшін студенттің теориялық алған білімдерін өмірмен байланыстыратын тапсырмалар реттілігін орындауына жағдай жасау қажет. Студенттің сабақта өзіндік мәліметтерді жинақтап, белгілі бір уақытта білімдерін одан әрі дамытуға әрекет жасауы тек білу, түсіну ғана емес, сондай-ақ талдау, синтез, бағалау әрекеттерін жан-жақты қолдану арқылы көрініс табады.
Негізгі қызметі WorldSkills стандарттары деңгейінде республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған құзыреттілік орталығын құру.