Домалақ Ана 268

“Tommorow school ”

«Tomorrow School» — жасанды интеллект пен бағдарламалау саласына мамандар дайындауға арналған заманауи білім беру жобасы. Бұл жоба Жамбыл облысында Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базасында өңірлік кампус ретінде ашылмақ. Жобаны AI Digital Ministry, Astana Hub және Alem.ai Foundation бірлесіп іске асыруда.
Жобаның басты ерекшелігі — дәстүрлі оқытудан өзгеше, peer-to-peer (бір-бірінен үйрену) жүйесі. Яғни студенттер тек оқытушыдан емес, өзара тәжірибе алмасу, жобаларды бірге орындау және бірін-бірі бағалау арқылы білім алады. Оқу толықтай тегін және ІТ саласында алдын ала тәжірибе талап етілмейді.
Жобаға 18 жастан асқан кез келген адам, білімі мен тәжірибесіне қарамастан қатыса алады. Оған тек Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері ғана емес, жалпы Жамбыл өңірі бойынша барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Оқу нөлден басталып, жобалар мен командалық жұмыс арқылы дағдылар біртіндеп дамытылады. Қатысушылар бір-бірінен үйреніп, жұмыстарды өзара тексереді. Осындай тәсілдің арқасында тәжірибесі жоқ адамдар да қысқа уақытта IT маманы деңгейіне жете алады.
Бағдарлама нөлден бастап оқытып, қатысушыларды бағдарламалау, кейін жасанды интеллект және басқа да заманауи IT бағыттары бойынша кәсіби деңгейге жеткізуді мақсат етеді. Оқу процесі нақты жобалар арқылы жүргізіледі, сондықтан студенттер тек теория емес, нақты тәжірибе мен дағды жинайды.
Жобаның мақсаты:
  • Жамбыл облысында білікті IT мамандар даярлау
  • Жасанды интеллект саласын дамыту
  • Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу
  • Өңірдің цифрлық экономикасын күшейту
Нәтижесі:
  • Практикалық дағдылары бар, бәсекеге қабілетті мамандар қалыптасады
  • Жергілікті IT-қауымдастық дамиды
  • Жастардың басқа өңірлерге кетуін азайтуға ықпал етеді
Бұл жобаның Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базасында ашылуы — оқу орнының материалдық-техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, оны өңірдегі заманауи IT және AI орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.