ДС - СБ 09:00 - 17:00 8(7262) 54 28 38 — 43 74 85priemnaya@jpk.kz
152
оқу тобы
3141
білім алушы
ТОП 10
колледждер қатарында
Басты бет / Sanaly URPAQ — біз жемқорлыққа қарсымыз

Sanaly URPAQ — біз жемқорлыққа қарсымыз

«Саналы ұрпақ» клубы — бұл колледжде құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мақсатында құрылған студенттердіңөзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады. Жемқорлыққа қарсы мәдениет, ашық оқу орны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру, білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы заңнама, ақпараттық қолдау, барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын, мінез-құлықтарын арттыру, студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетекшілеріне айналдыру. Жоспар бойынша айына бір рет іс-шара өткізіліп тұрады.

Клубтың Стратегиясы еліміздің білім беру ұйымдарында ең үздік тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды сынақтан өткізу мен іске асыруға құрылған.

Ағымдағы жағдайды талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді, оларды шешу үшін клубтың негізгі бағыттары анықталған:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;

2) білім беру ұйымдарынының  шынайылығы мен адалдығы;

3) Академиялық адалдық;

4) білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;

5) ақпараттық қолдау.

Клубтың негізгі міндеттері барлық білім беру ұйымдарында және білім берудің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.

Клуб объектілері: жалпы білім беретін мектептер, орта арнайы (кәсіптік) және жоғары оқу орындары.

Жоба субъектілері: жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы орта (кәсіптік) оқу орындарының білім алушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ барлық оқу орындарының оқытушылары, ата-аналары.